«Қарағанды орта мектебі» КММ рухани – адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие контексінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Адал Ұрпақ» клубының кезекті отырысы өтті.
Отырыстың мақсаты: өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне теріс көзқарасты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға үйрету.
Міндеттері: - білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды ағарту, насихаттау және қалыптастыру;
- азаматтық ұстанымның құқықтық санасының дамуына ықпал ету;
- жеке тұлғаның негізін құрайтын моральдық нормаларға оң көзқарас қалыптастыру.
Отырыс барысында клуб қатысушылары сыбайлас жемқорлық мәселелеріне өз көзқарастарын білдірді, қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын анықтады, әрқайсысы өздері үшін және мектеп бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын белгіледі, сыбайлас жемқорлық қызметінің гүлденбеуі үшін қандай іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет.
{gallery}/media/jw_sigpro/users/0000000310/2021/03/00{/gallery}